ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕ...
2018 жыл басынан бері аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терорризмге қарсы комиссияның 3 отырысы өткізілді.
Комиссия отырыстарында аудандағы жалпы діни ахуал туралы, жастар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологияларының таралмауы және жастардың бос уақытын спорттық шаралар өткізу арқылы дамыту, тәрбиелеу және ұйымдастыру мәселелері, жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы шаралар, террорлық тұрғыдан осал объектілердің заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстары туралы және тағы басқа мәселелер көтерілген.
Комиссияның жоспарына сәйкес, оның 4 отырысын жыл соңына дейін өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан әкімімен бекітілген «Сырдария ауданы бойынша террорлық тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2018 жылдың 30 қарашасында аудан әкімі аппарат басшысының төрағалығымен және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өткізілді.
Мәжілісте аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің мамандарымен ҚР Үкіметінің №191 қаулысына сәйкес атқарылатын жұмыстардың және «терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы» арнайы дайындалған жадынамалар түсіндіріліп, аппарат қызметкерлеріне тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Н.ОМАРОВ,
аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы