Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ?

ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ?

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залын­да облыстық жұмылдыру дайындығы басқар­масының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Оған облыстық дін мәсе­лелерін зерттеу орталығының директоры Б.Ка­малов, облыстық жұмылдыру дайындығы бас­қармасының терроризмге қарсы іс-қимыл және арнайы құрылымдарды үйлестіру бөлімінің бас­шысы А.Жылқыбай бөлімнің бас маманы А.Әбішева, аудан әкімінің орынбасарлары, жас­тар ісі жөніндегі сала қызметкерлері қатысты.
Семинарды аудан әкімнің орынбасары Д.Байдушев ашып, бүгінгі күні басты тақырыпқа айналған мәселе маңыздылығын айтты. Бұдан кейін А.Әбішева сөз алып, жалпы облыс көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жөнінде баяндады. Жалпы алғанда қауіпсіздік шарасын жүзеге асырып, үнемі бақылауда ұстау маңызды. Тұрақтылықты сақтай отырып, ахуалды зерделеу тиісті сала мамандарына міндеттілді. Сонымен қатар көпшілік арасында атылмыш мәселе төңірегінде түсіндірме жұмысын үнемі жүргізу олқылықты болдырмаудың алдын алады. Жастарды қоғам өміріне бейімдеп, түрлі шараға тарту жиналғандар арасында талқыланды. Б.Камалов қазіргі таңда діни ахуалдың жай-күйі жайында айтып, өтті. Өз кезегінде А.Жылқыбай жұртшылық көкейінде қордаланған мәселені талдау арқылы мәлімдеме жасады.
Жиынның қорытындысында барлық ауданнан келген арнайы өкілдерге тапсырма беріліп, бірқатар сауалға жауап алынды.

Б.ОРДАБЕКОВ
02 шілде 2019 ж. 793 0