Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Руханияттан қол үзбеген жандар

Руханияттан қол үзбеген жандар

Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері түрлі себептермен үйлерінде отырып қалған мүмкіндігі шектеулі жандармен сұхбаттасып, өздерінің кітап қорындағы әдебиеттері мен СД дискілерін тыңдауға апарып беруді дәстүрге айналдырған.

Жақында кітапханашылар Сәрсен Тәженов, Жалғас Сейітжанов және Айтуған Байдосовтың отбасында болып, сұқбаттасып, байырғы оқырмандармен қауышты. Кітапхананың бұл оқырмандары соңғы жылдары денсаулықтарына байланысты өздерінің келуіне мүмкіндігі болмаған. Дегенмен руханияттан қол үзбеген көкірегі ояу, көңілдері сергек жандарды әрдайым іздеп тұру кітапханашылар өз міндеттеріне алған. Өз кезегінде бұл шараға оқырмандар ризашылықтарын білдірді. Олармен алдағы уақытта «Пейілі кең, жүрегі дархан жандар» атты кездесу кеші өткізіліп, оқыған кітаптары жайлы әңгіме қозғалатынынан хабардар етілді.

Мұндай ізгі шара әсіресе, жастарымыз үшін үлгі болары анық.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ

26 қыркүйек 2019 ж. 822 0