ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жылдағы дәстүрге сәйкес Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық ертеңгілігі ұйымдастырылды. Оған аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова құттықтау сөз сөйледі. Жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен бірге, барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілді. Ертеңгілік барысында балалар ән айтып, би биледі. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шарада қуанышқа кенелген балалар естелік суретке түсті. Осылайша, мереке қарсаңында керемет көңіл күйге бөленді.Жалпы, соңғы төрт жыл бойы аудан әкімінің бастамасымен ауданда түрлі деңгейдегі басшылардың қатысумен өтетін корпоративтік кештерді болдырмау қолға алынып, оның орнына мүмкіндігі шектеулі балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға сыйлықтар үйлестіру жақсы жолға қойылған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі