Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ


Кітап – рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі екені айтпаса да белгілі. Қашанда ой-өрісіңді, сана-сезіміңді дамыту үшін кітаптың рөлі адам өмірінде ерекше. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде айтулы шаралар жалғасын табуда. Соның ішінде, елді-мекендер мен кент орталығында оқырмандарға қызмет ететін кітапханалар жүйесі бір жолға қойылған. Осы орайда жақында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Бесарық ауылдық кітапханасында «Модельді кітапхананың» тұсаукесері өтті. Шараға ауыл ардагерлері, ауыл әкімінің жетекші маманы және аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шараны ауыл ардагері Е.Құлмағанбетов ашып, өзінің ауылдық кітапхананың белсенді оқырманы, мәдени шараларының тұрақты қатысушысы, кітапхана жанашыры екендігін айтып және қазіргі таңда көптеген белгілі ақын-жазушылардың әдеби кітап қорлары жинақталғандығын, жастардың кітап оқуға толық мүмкіншіліктерінің барлығын тілге тиек етіп, кітапхана ұжымының жұмысына табыс тіледі. Бұдан кейін аудандық орталық кітапхананың әдіскері И.Қартбаева сөз алып, кітапханашыға модельді кітапхананың сертификатын тапсырды. Өз кезегінде ауыл ардагерлері мен тұрғындар ғаламтор желісіне кіріп бір мезетте заманауи кітаптарды оқуға мүмкіндік алатындықтарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Ауыл әкімінің жетекші маманы Б.Сүлейменова ауыл игілігіне айналған жаңа үлгідегі кітапхана жұмысына табыс тілей отырып, жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған кітапхана оқырмандарының көбейе беруіне тілектестігін білдірді.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ
15 желтоқсан 2018 ж. 2 358 0