Балалардың отпен ойнауы қауіпті
Статистикалық көрсеткіштер бойынша өрттің жалпы санының 30 пайызы балалардың отпен ойнау салдарынан туындайды. Балалар ойнау кезінде ересек адамдарға еліктейтіндігі бізге мәлім. Олар сіріңке алып ересек адамдардан жасырын от ошақтарын жағады, соның салдарынан тілсіз жаудың қауіпі төнеді.
Ата-аналар назарына!
Балалардың сыртынан құлыптап кетпеңіз! Негізінен ересектер, балаларды жалғыз қалдырып үйлерін құлыптап кетеді. Бұл дегеніміз, бала өрт өршімей тұрып алдын ала білсе де үйден сыртқа шығу мүмкін емес. Құтқарушылардың үнемі айтатыны, оқиға орнына уақытылы жеткенімен ол үйдің есігінің жабық болуы балаларды құтқаруға кедергі. Сондықтан, міндетті түрде бір кілтті үйде қалдырып, немесе есіктің ашылуына мүмкіндігін қарастыру қажет. Қанша адамның өмірін жалмаған Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында орын алған өрт те сол жабық есіктердің кесірінен орын алғандығын естен шығармаңыз.
Балаңызбен әрекет алгоритмін жасаңыз. Сіздің балаңыз үйде қалатын болса, ол қауіпсіздік ережелерін нақты білуі керек. «Сіріңкемен ойнауға болмайды» деген сияқты қарапайым ескертпелермен шектеліп қалмаңыз. Ол төтенше жағдай кезінде баратын іс-әрекеттерін нақты білуі тиіс. Мысалы, қауіп туындаған жағдайда алдымен ата – ананы емес, өрт сөндірушілерді (жедел жәрдем, полиция) шақыру керектігін ескертіңіз. Сондай – ақ, бала өзінің тегі мен жақын туыстарының мекен – жайын, телефон номерлерін білуі керек. Балаларды қауіпсіздік ережелеріне жүйелі түрде дағдыландыру; балаңызбен бірге қауіпсіздік нұсқаулықтарын плакатқа жазыңыз. Оны көрнекі жерге іліп қойыңыз. Сонымен қатар қызметтердің телефон номерлерін жазып (101,102,103), есте сақтауға ықпал етіңіз. Балаңызды қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуға жіберіңіз. Мектепте сынып сағатын ұйымдастырып, балалармен интерактивті форматта (ойын, викторина) төтенше жағдайлар тақырыбын талқылау керек.
Балалардың отпен ойнауының салдарынан өрт туындап балалардың өртте қаза болуына әкеп соғатындығын, отбасымызға, ауданымызға және республикамызға, жалпы айтқанда біздің тәуелсіз мемлекетімізге шығын келетіндігін ұмытпаңыздар!
Әсіресе, балалар үлкендердің қарауынсыз, өздері жеке қалғанда өрттер жиі туындайды, сондықтанда пеш, газ плитасы, керосиндік шам, майшам жанып тұрған бөлмелерде балаларды бақылаусыз қалдырмаңыз.
Балаларды үнемі қадағалап отыру өте қиын, сондықтан да сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар, үйлердің шатыры мен жертөлелерін ашық тастамағандарыңыз абзал.
Ата-аналар, балаларыңызды үнемі қадағалауға, оларға көп назар аударуға шақырамыз. Егер бәріміз бірге өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтасақ, біз балаларды оттан аулақ болуына үйретеміз, сонымен қатар біздің ауданымызда, облысымызда өрттің саны айрықша кемиді. Мектеп, отбасы және азаматтық қорғау қызметі бәріміз бірлесіп жұмыстар атқарсақ жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Өрт немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101», «112» өрт сөндіру қызметіне телефон шалыңыздар.
Сырдария ауданы
төтенше жағдайлар
бөлімі