Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Интернет алаяқтардан сақ болыңыздар!

Интернет алаяқтардан сақ болыңыздар!

Прокуратура органдары интернет алаяқ­тыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жал­­ғастыруда.

Сырдария ауданында өткен жылы интернет алаяқтықтың 2 дерегі тіркелсе, биыл аталған санатта қылмыстар орын алма­н жоқ. Дегенмен, еліміздің басқа өңірлерінде ағымдағы жылы интернет алаяқтық қылмыстары орын алуда.

Ең көп таралған əдістерінің бірі – интер­нет-сауда алаңдарында (Olx.kz, Kolesa.kz, Krisha.kz, Satu.kz жəне т.б.) сондай-ақ əлеу­меттік желілерде жəне мессенджерлерде (Ins­tagram, VKontakte, Facebook жəне т.б.) орна­ластырылған хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін жартылай не толық алдын ала төлем алу.

Олардың көбі микрокредиттік ұйымдар­дың сайттары арқылы жəне екінші деңгей­дегі банктердің мобильді банкингінің қосым­шалары арқылы онлайн-қарыздарды заңсыз ресімдеу болып табылады.

Бұл ретте, алаяқтар қажетті мəліметтерді алу жəне сенімді азаматтардың ақшалай қаражатын алып қою үшін əртүрлі тəсіл­дерді пайдаланады. Басқа жағдайда, жеке деректерді алдап алғаннан кейін, қылмыс­керлер онлайн-несие рəсімдейді жəне банктік карта мен депозиттерді басқаруға толық қол жеткізе алады. Әрі қарай ақша банкинг арқылы үшінші тарап шоттарына аударылады.

Одан бөлек, қылмыскерлер өздерін банк­тің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ре­тінде таныстырады жəне жəбірленушіге оған берілген несие туралы хабарлайды немесе карточкалық шотты бұғаттау мақсатында «AnyDesk» бағдарламасын (қашықтан қол жеткізу бағдарламасы) жүктеуді ұсынады, оның көмегімен қаскүнем жəбірленуші жа­саған барлық операцияны көреді.

Сонымен қатар əртүрлі жобаларға (инвестициялар, ставкалар, ойындар жəне т.б.) тиімді ақша салу сылтауымен алаяқтықтың осындай фактілері кездесуі мүмкін.

Алаяқтықтың бұл түрлері əлеуметтік же­лілердегі (Instagram жəне Facebook) жарнама арқылы жасалады, сондай-ақ ақшалай пайда алу мақсатында ерікті төлемдерді жүзеге асырумен сипатталады. Онымен қоса алаяқтық ақшалай көмек сұрап жалған шоттар құру арқылы жасалады. Сондықтан қоңырау шалған немесе әлеуметтік желі арқылы жаз­ған бөгде адамдарға жеке мәліметіңіз бен банк карточкасының нөміріңізді бермеулеріңіз қажет.

Қолыңыздағы барыңыздан айырылып, интернет алаяқ­тардың құрбаны болмау үшін сақ­тық ша­ра­ларын қолдануға шақырамын!

Ғ.Дүйсенбаев,
Сырдария ауданы
прокурорының орынбасары
03 маусым 2023 ж. 499 0