Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтан сақ болыңыздар!

Алаяқтан сақ болыңыздар!

Алаяқтық қылмыстарының тіркелу жағдайы Сырдария аудандық про­куратурасының ерекше назарында. Статистикалық есепке сәйкес, Сырдария ауданында 2020 жылы 1 алаяқтық қылмысы тіркелсе, 2021 жылы 5 қылмыс дерегі тіркеліп, өсім көрсеткен. Алаяқтық қылмысы – пайда­күнемдік мақсатта жымқыру, алдау немЕсе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін құқыққа сыйымсыз әрекетімен иемдену болып табылады.

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі жоғары. Мұны азамат­тар­дың мүлкін иемдену құқығына қайшы келетін құқық бұзушылық деп айтуға болады.

Қазіргі таңда заман ағымының өзгеріп, сау­да-саттықтың электрондық форматына кө­шуі себепті интернет-алаяқтық қылмыстары кө­бей­ген. Әсіресе әлеуметтік желідегі «ОЛХ», «Маркет», «Колеса» сияқты сауда алаңдарында алаяқтар көп кездеседі. Оған себеп алаяқтық әрекетінің әшкере болмауын, өзінің құрбанымен тікелей қарым-қатынасқа түспей, оңай жолмен ақша қа­ра­жатын иемдену болып табылады.

Көп жағдайда аталған әлеуметтік желідегі сауда алаңдарында сұранысқа ие немесе на­рықтағы бағасынан төмен бағаланған тауарлар­дың хабарландыруларын жариялау арқылы, өзі­нің құр­банынан толық немесе алдын ала тө­лем алып, қолды болған қаражатты жымқыру ар­қылы жасалады.

Мысалға, А. есімді азамат «Колеса» сауда қо­сым­шасы арқылы хабарландырулар арасынан өзіне керек автобөлшекті іздеп табады. Одан әрі Б. есімді саудагермен телефон арқылы хабарласып, тауардың толық сомасын банктік есеп-шотқа онлайн аударым арқылы төлейді. Алайда келісім орындалмай, тауар жеткізілмей, сау­­дагермен байланыс үзіліп, жәбірленуші алаяқтарға алданғанын біліп, полиция органына арызданады.

Онымен қоса қолды болған қаражаттың интернет банкинг арқылы аударым жасалып, қол­ма-қол ақшаға айналдырудың оңтайлануы қыл­мыскерлерді әшкерелеуге кедергі келтіруде.

Осы орайда аудан тұрғындарына сауда жасамас бұрын саудагердің ниетінің дұрыстығына көз жеткізіп, сенімді тауар ұсынушыны таңдағаннан кейін ғана сауда жасау ұсынылады.

Аталған санаттағы қылмыстарға тосқа­уыл қою үшін Сырдария аудандық прокуратура­сының бас­тамасымен азаматтарымызды атал­ған алаяқтық­тың жаңа әдістері бойынша ақ­­параттандырып, полиция органдары­мен қыл­мыстың алдын алу, болдырмау мақсатын­дағы профилактикалық іс-шара­лар жүйесін қалып­тастырып, халықты алаяқтық қылмыстардан сақтандырып, оның белгі­лері болған жағдайда полиция бөліміне хабарлау сынды түсіндірме жұмыстары тұрақты түр­де жүргізіліп отырады.


Б.Жұмағали,
Сырдария ауданы
прокурорының көмекшісі
19 ақпан 2022 ж. 539 1

Cassie от 30 мамыр 2025 03:39
Nicely put. Many thanks. casino en ligne Cheers! Wonderful information. casino en ligne Kudos. Lots of forum posts! casino en ligne You actually explained this well! casino en ligne France Beneficial advice Regards! casino en ligne France Nicely put, With thanks. casino en ligne Terrific stuff Regards! casino en ligne fiable Cheers! I enjoy it. casino en ligne France Amazing plenty of wonderful info! casino en ligne francais Perfectly expressed genuinely. . casino en ligne