Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алғыс арқалаған әйел-аналар

Алғыс арқалаған әйел-аналар

Көктем мерекесіне орай аудан көле­мін­де көптеген игі іс-шаралар ұйым­дастырылып, әйел-аналар мен қыз-келіншектерге құрмет көрсетілуде. Мекеме ұжымдары редакция қызметкерлерін де құр­метті қонақ ретінде шақырып, ілтипатта­рын білдірді.

Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ашраф Жүсіпов мерекелік қабылдау өткізді. Салтанатты басқосуға ауданның дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ардақты аналар қатысты.

– Ауданның дамуын мемлекеттік кірістер саласынсыз елестету мүмкін емес. Ал аудан бюджетінің артуы елдегі тату тірлік пен бекем бірлікке тікелей байланыс­ты. Сол бірлік пен тірлікті қалыптастыратын, Отанға да, отбасыға да шаттық сый­лайтын әйел-аналар бар­лық құрметке лайық­ты. Сіз­дерді төл мереке­лері­ңізбен шын жүрек­тен құттықтаймын, – деген басқарма басшысы мере­келік құттықтау мен гүл шоқ­тарын ұсынды.

Өз кезегінде құрметке бөленген әйел-аналар А.Бақтиярова, Ұ.Жаналиева, Б.Бай­­жүнісова, А.Нұртаева, Б.Өтегенова, З.Рахымшаева, А.Досығұлова, Н.Мырза­ға­лиева, А.Есмағанбетова, М.Омарова, Б.Жа­нәлі, Л.Денисова мерекеге орай кө­теріңкі көңіл-күй сыйлаған іргелі ұжымға шына­йы алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс ті­леді.

Сәні мен салтанаты, тәлімі мен тағылымы ұштасқан келесі іс-шара Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиа­лының төрағасы Ш.Нұрсейітовтің ұйытқы болуымен өткізілді. Тереңөзек кенті мә­де­ниет үйінде өткізілген мерекелік кешке мемлекеттік тілдің мерей-мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген нәзік жандылар қатысты.

– Мемлекеттік тілдің мәртебесі ең алдымен отбасында қалыптасады. Отбасының ырыс-құты әйел-аналар десек, сіздер отбасы мен қызметті қатар алып жүрсіздер. Еңбектеріңізді елеп, көктем мерекесінде құрмет көрсетуді, «Алғыс хат» табыстау­ды жөн көрдік. Бұл – біздің Сіздерге деген шынайы алғысымыз бен ілтипатымыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, – деді «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы. Марапат иелерінің қатарында Г.Тә­жімұратова, А.Сәлімжанова, Б.Жанәлі, Л.Се­рікбаева, З.Жарболова бар.

Айта кету керек, «Amanat» партиясының «Jas Otan» ЖҚ сырдариялық қызмет пен қоғамдық іс-шараларда көзге түскен бел­сенді аруларды марапаттады. Бұл жолы Жастар қанатының облыстық филиал төр­ағасы М.Жорабектің «Алғыс хатымен» мем­лекеттік қызметшілер Г.Әлиева мен Ұ.Мұ­ханбетқали және ақ халатты абзал жан А.Ибрагимқызы марапатталды. Мара­паттарды «Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлім­шесінің басшысы табыстады.

А.СЕЙІЛОВ
06 наурыз 2022 ж. 547 0