Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шуақты мереке мезіреті

Шуақты мереке мезіреті

Республика тарихында облыс әкімі болып тағайындалған тұңғыш әйел әкім ретінде Гүлшара Әбдіқалықованың есімі ерекше құрметпен аталса, ауданымызда да ең үлкен ауылды басқарып отырған әйел әкім бар. Ол – Шаған ауылдық округінің әкімі Ұлбала Абдраманова. Мемлекеттік қызмет саласының тәжірибелі маманы жыл сайын көктемнің шуақты мерекесін асыға күтеді. Себебі, ауылдың дамуына зор үлес қосқан әйел-аналар мен ісіне мығым қыз-келіншектерді, батыр аналар мен тыл ардагерлерін төл ме­ре­келерімен құттықтайды.

Жылдағы үрдіске сай Шаған ауылы әкімдігінде салтанатты басқосу ұйым­дас­тырылды. Бұл жолғы іс-шара карантин талаптары сақтала отырып өткізілді. Жи­налғандарды мерекемен құттықтаған ауыл әкімі шағандық нәзік жандыларға шынайы ілтипатын білдірді.

– Қоғамды, барлық саланы әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Ерлермен бірге иық тірестіре еңбек етіп, жауапкершілікті абыроймен көтеріп, жемісті жұмыс істеп келе жатқан нәзік жандыларға құрмет ерекше болуы тиіс. Отбасы мен жұмысты қа­тар алып жүрген барша әйел-аналарға шексіз ризашылығымды білдіремін. Жұмыс­тарыңыз жемісті, дендеріңіз сау болып, ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын, – деді ауыл әкімі.

Өз кезегінде мерекелік қабылдауға қа­тысқан аналар ауыл әкімдігіне шексіз ризашылығын білдіріп, жұмыста жеміс ті­леді. Аналар қауымы ақ тілектерін ортаға салып, елді мекеннің өркендеуіне, дамуына тілектес екенін жеткізді.

Б.Ордабеков
06 наурыз 2021 ж. 966 7

Гүлназ от 6 наурыз 2021 18:56
Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деп бекерден-бекер айтылмаса керек. Сіздің  еңбегіңізге  табыс,  отбасыңыз бақыт береке тілеймін.

Сагындык от 6 наурыз 2021 19:25
Кележаткан мерекенизбен! Шаган ауылында осындай апаймыздын аким болып жумыс истегенине ризамыз. Жумысыныз жемисти болсын.

Maulen от 6 наурыз 2021 19:33
Мейрам кутты болсын! 
Сиз сиякты батыр аналар керек осы когамга!

Асет от 6 наурыз 2021 19:52
Келе жаткан мейрмынызбен. Жумысыныз берекели болсын. 

Жансая от 6 наурыз 2021 20:46
Керемет. Халықаралық әйелдер мерекесі қүтты болсын.

Алмат от 6 наурыз 2021 22:24
Еңбегіңізге табыс, жан-үяңызда бақыт береке болсын! 

Адилет от 7 наурыз 2021 17:56
Еңбегіңізде жетістіктер, табыстар тілеймін. Шаған ауылына сіз сияқты әкімдер керек!!!!