ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Шаған ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Сұлу – қыз, Ару – әйел, Асыл –ана» атты салтанатты іс – шара өткізілді.
Мерекелік шара барысында Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері, көп балалы аналар және ардагер-ұстаздар марапатталды. Шаған Тереңөзектен кейінгі үлкен ауыл. Мұнда көптеген алтын құрсақты аналар тұрады. Ауыл бойынша 225 Алтын алқа және Күміс алқа иегері бар.
Мерекеде аяулы аналар мен ақ жаулықты әжелерге, қыз-келіншектерге «ШағанЖер» ЖШС демеушілігімен сый-сияпат жасалды. Сондай-ақ, ауыл әкімшілігінен зейнетке шыққан Рыскүл Шалабайқызы Әбжановаға және Серікбай Піртайұлы Садықовқа құрмет көрсетілді.
«Тт» ақпарат