Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әйел-аналарды қабылдады

Әйел-аналарды қабылдады

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ардагер аналар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді әйел-аналарды қабылдады.

Салтанатты шарада аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар нәзік жандыларға Алғыс хат табыстады.

– Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Нəзік жандылар бүгінде қол қусырып қарап отырмай, ел экономикасының барлық салаларында білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет пен кəсіпкерлік табысты еңбек етуде.

Біздің ауданымыз есімі елге танылған аяулы жандардан кем емес. Олардың қатарында батыр анамыз Күләнда Әбдіраманова мен Балдырған Мұстафаеваның есімі ұрпақтар есінде мәңгі сақталып, жаңғырады.
Бүгінде ардақты аналардың өнегеге толы өмір жолын жалғаған ауданда 66 Батыр Ана бар. Ал түрлі салада еңбек етіп, оның ішінде мемлекеттік қызметте өзінің кәсіби маман екендігін дәлелдеп жүрген азаматшалардың 41 пайызы әйелдерді құрайды.

Құрметті арулар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және дамуы бағытындағы жүзеге асырып жатқан іргелі істеріңізбен тың серпілістеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді аудан басшысы өз құттықтауында.

Мерекелік қабылдауда аудан өнерпаздары әсем ән айтып, әйел-аруларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


05 наурыз 2022 ж. 945 0