Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Қырман басында, дала қосында, адамдар уақытша тұ­ратын жерлерде өртке қарсы талаптарды қатаң сақтаудың маңызы зор. Әрбір дала қосының, қырманның жанында темекі қалдығын сақтайтын шұңқыр болуы керек. Және су толтырылған ыдысы бар арнаулы орын әзірленгені жөн. Кез келген жерде темекі тартуға, ашық отты пайдалануға бол­майды. Аудан еңбеккерлері алдында тұрған міндет – ас­тықтың дер кезінде жинап алу жорығына жұмыла қа­тысуымен қатар, оны көздің қарашығындай сақтау. Бұл – әрбір азаматтың абыройлы борышы. Осы орайда, жоғарыда айтылған алдын алу шараларының барлық комплексін қол­данудың да айрықша маңызы бар. Жем-шөп жинауға қа­тысатын жұмысшыларды өрт қауіпсіздігі нұсқауынан өткі­зіп тұрған абзал. Гараж, қырман, шабындық басындағы қос­тарды, техникалардың барлығы алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарымен жабдықталуы тиіс.

Астық сақтау тәртiбi:

– Егiн жинау басталмас бұрын астық қоймалары мен астық кептiргiштердiң пайдалануға жарамдылығы тексе­рiледi. Анықталған ақаулықтар астық кептiру мен қабылдау бас­талғанға дейiн жойылады.
– Астық қоймалары оқшау тұрған ғимараттарда орналас­тырылады. Оларға кiретiн қақпалар сыртқа қарай ашылатындай етiп орналастырылады және үймеленбейдi.
– Астықты үйiп сақтағанда үйменiң төбесiнен бас­тап жабынның жанғыш құрылымдарына дейiнгi, сондай-ақ шырақтар мен электр өткiзгiштерге дейiнгi қашықтық кемiн­де 0,5 метр етiп орындалады.

Ойықтар арқылы астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқаларда от бөгегiш құрылғылар орнатылады.

Мыналарға:

1) басқа материалдар мен жабдықты астықпен бiрге сақ­тауға;
2) қойма үй-жайлары iшiнде қолданылатын астық тазалау және iштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға;
3) қойманың екi жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетiктермен жұмыс iстеуге;
4) қатты отынмен жұмыс iстейтiн кептiргiштердi тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегiмен, ал сұйық отынмен жұмыс iстейтiндердi алаудың көмегiмен жағуға;
5) температураны бақылау аспаптары мен оттықтағы алау сөнгенде отын берудi ажырату автоматикасы, электр­мен тұтандыру жүйесi ақаулы немесе оларсыз кептiргiштерде жұмыс iстеуге;
6) астықты транспортер таспасының деңгейiнен биiк етiп үюге және таспаның транспортер құрылымына үйкелуiне жол берілмейді.

– Кептiргiш жұмыс iстеп тұрғанда астық температурасын бақылау кемiнде әрбiр 2 сағат сайын сынама алу арқылы жүзеге асырылады. Кептiргiштiң тиеу-түсiру тетiктерiн тозаң мен астықтан тазарту оның жұмысы тоқтатылғаннан кейін бiр тәулiктен соң жүргiзiледi.

– Жылжымалы кептiру агрегаты астық қоймасы ғима­ратынан кемiнде 10 метр қашықтықта орнатылады.
Кептiргiштердiң оттықтарын орнату кезiнде ұшқын­ның шығуы жоққа шығарылады. Мұржалар ұшқын сөндiр­гiштермен жабдықталады. Олардың жанғыш құрылымдар арқылы өту орындарында өртке қарсы бөлiктер орнатылады.

– Астық қоймаларында астықты желдеткенде жел­деткiштер жанғыш қабырғалардан кемiнде 2,5 метр қа­шықтықта орнатылуы тиiс. Ауа өткiзгiштер жанбайтын материалдардан жасалады.

– Кептiргiштердегi мойынтiректер мен тетiктердiң басқа да үйкелетiн бөлшектерi пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүйелi түрде майланады.

– Астық кептiргiш жұмыс iстеп тұрған кезде оған қызмет көрсетушi адамдар үнемі кептiру ғимаратында болады және оның жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе: Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 21-4-94 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.


Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
28 тамыз 2021 ж. 558 0