Астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі
Қырман басында, дала қосында, адамдар уақытша тұратын жерлерде өртке қарсы талаптарды қатаң сақтаудың маңызы зор. Әрбір дала қосының, қырманның жанында темекі қалдығын сақтайтын шұңқыр болуы және су толтырылған ыдысы бар арнаулы орны әзірленген жөн. Кез келген жерде темекі тартуға, ашық отты пайдалануға болмайды. Аудан еңбеккерлері алдында астықтың дер кезінде төкпей-шашпай жинап алу мен қатар егістік алқапты көздің қарашығындай сақтау міндеті тұр. Осы орайда жоғарыда айтылған алдын-алу шараларының барлық комплексін қолданудың маңызы бар және жем-шөп жинауға қатысатын жұмысшыларды өрт қауіпсіздігі нұсқауынан өткізіп тұрғаны абзал. Гараж, қырман, шабындық басындағы қостарды, техникалардың барлығы алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарымен жабдықталуы тиіс.
Егін орағына қатысуға дайындалып жатқан механизаторлар мен жүргізушілер өрт қауіпсіздігі мен шараларды іске асырған жөн: – егіс алқабы мен дала қосында, қырман басында ретсіз от жақпау керек;
– астық жинауға қатысқан барлық адамның өртке қарсы нұсқауларды міндетті түрде білуі тиіс;
– барлық комбайындар мен тракторларды, автокөліктерді, астық тазартатын агрегаттарды және май қоймаларын өрт сөндіргіш құралдарымен қамтамасыз ету керек;
– дала қостарының айналасын соқамен, енін 4 метр етіп айдап тастау керек;
– өртке қарсы құралдар мен өрт сөндіргіштердің барлық уақытта толық дайындықта болуын қамтамасыз ету қажет. «Өрт – тілсіз жау» екенін ұмытпауымыз керек. Ескертпе: Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің 21-494 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі