Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛАПАТ ӨРТ БОЛА ҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА АЛҒАШҚЫ ӘРЕКЕТТІ БІЛЕМІЗ БЕ?

АЛАПАТ ӨРТ БОЛА ҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА АЛҒАШҚЫ ӘРЕКЕТТІ БІЛЕМІЗ БЕ?

Қырман басында, дала қосында, адамдар уақытша тұратын жерлерде өртке қарсы талаптарды қатаң сақтаудың зор маңызы бар, әрбір дала қосының, қырманның жанында темекі қалдығын сақтайтын шұңқыр болуы және су толтырылған ыдысы бар арнаулы орны әзірленген жөн. Кез келген жерде темекі тартуға, ашық отты пайдалануға болмайды. Аудан еңбеккерлері алдында тұрған міндет астықтың дер кезінде төкпей-шашпай жинап алу жорығына жұмыла қатысуымен қатар оны көздің қарашығындай сақтау әрбір азаматтың абыройлы борышы. Осы орайда жоғарыда айтылған алдын-алу шаралардың барлық комплексін қолданудың да айрықша маңызы бар және жем-шөп жинауға қатысатын жұмысшыларды өрт қауіпсіздігі нұсқауынан өткізіп тұрғаны абзал.
Гараж, қырман, шабындық басындағы қостарды, техникалардың барлығы алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарымен жабдықталуы тиіс.
Егін орағына қатысуға дайындалып жатқан механизаторлар мен жүргізушілер өрт қауіпсіздігі мен шараларды іске асырған жөн:
–егіс алқабы мен дала қосында, қырман басында ретсіз от жақпау керек;
–астық жинауға қатысқан барлық адамдардың өртке қарсы нұсқауларды міндетті түрде білуі тиіс;
–барлық комбайындар мен тракторларды, автокөліктерді астық тазартатын және агрегаттарды және май қоймаларын өрт сөндіргіш құралдарымен қамтамасыз ету керек;
–дала қостарының айналасын соқамен, енін 4 метр етіп айдап тастау керек;
–өртке қарсы құралдар мен өрь сөндіргіштердің барлық уақытта толық дайындықта болуын қамтамасыз ету қажет.
«Өрт – тілсіз жау» екенін ұмытпауымыз керек, қазіргі қарбалас заманда болмашы нәрседен аяқ астынан өрт шығуы ықтимал.

Сырдария ауданы төтенше
жағдайлар бөлімі
13 тамыз 2019 ж. 797 0