Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырыбында мүшәйра өткізіледі

«Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырыбында мүшәйра өткізіледі

«Сыр медиа» ЖШС-не қарасты Сырдария аудандық «Тір­шілік тынысы» газеті Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық айтулы мерейтойына орай Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, аудандық мә­дениет үйімен бірлесіп, «Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырыбында аудандық жазба ақындар мү­шәй­расын өткізеді.

Аудандық жазба ақындар мүшәйра­сы­ның шарттары:

Байқау ІІ кезеңнен тұрады. Білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздардың өлеңдері аудандық газетте суреттерімен бірге жарияланады. Топтама кітапша әзірленіп, талапкерлерге тегін таратылады. Ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі Мұхтар Сақтапов атындағы арнайы жүлде ие­геріне қаржылай сыйақы беріледі.

І кезеңде қатысушы талапкер ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өлеңін, ІІ кезеңде еркін тақырыптағы бір туындысын қазылар ал­қасының қарауына ұсынады. Қазылар алқасы талапкерлердің өлеңдерінің мәні мен мағынасына, ойдың тереңдігіне, үйлесімді ұйқас құруына, көр­кем сөз саптауына ерекше мән береді.

Мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы аудан тұрғындары қатыса алады. Байқауға ұсынылатын өлең бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған бо­луы қажет. Өлеңдер 2021 жылдың 10 жел­тоқсанына дейін қабылданады. Мүшәйра қоры­тындысы «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні» мерекесі қарсаңында жарияланады.

Үміткерлер өз өлеңдерін tirshilik-tinisi@mail.ru, syrdaria_dk@mail.ru электронды поштасына «Байқауға» айдарымен жіберуі тиіс. Автор өзі туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат пен байланыс телефондарын көрсетуі міндетті.

Байқаудың өткізілетін орны: Аудандық мәдениет үйі. Уақыты қосымша хабарланады. Ережесі барлық кент және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарына, мекемелерге таратылады.

Аудандық жазба ақындар мүшәйрасын ұйымдастырушылар: Сырдария аудандық «Тір­шілік тынысы» газеті редакциясы мен аудан­дық мәдениет үйі.


Байланыс телефондары:
8-707-122-56-47,
8-747-887-97-58
24 тамыз 2021 ж. 816 0