Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Республикалық тексеру жүргізіледі

Республикалық тексеру жүргізіледі

Аудан тұрғындарының назарына!

«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына, «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына сәйкес, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыруды, сондай-ақ құлақтандыру жабдықтары мен құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексеру мақсатында 2021 жылғы 29 маусымында азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.

Халықты төтенше жағдайлардан қорғау бойынша басты іс-шаралардың бірі оны уақытылы хабардар ету және табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе туындау қатері туралы құлақтандыру болып табылады.

Осы ретте, Тереңөзек кентінде және Қалжан ахун ауылдық округінде орналасқан құлақтандыру жүйелерінде «Барлығының назарына» (сирена) бірыңғай құлақтандыру сигналын беру арқылы тексеру жұмыстары 2021 жылғы 29 маусым күні сағат 10.00-12.00 аралығында жүргізіледі.

Дабылды сигнал іске қосылған уақытта үрей тудырмай, сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
28 маусым 2021 ж. 494 0