Су тасқынына дайындық жүргізілді
«Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауының негізінде облыста бірқатар іс-шара өткізілді. атап айтқанда 15 ақпанда «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу ұйымдастыру нұсқаулығын Қызылорда облысының әкімі бекітті. Аталған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, Департамент бастығының 2021 жылғы 19 ақпандағы «Облыс аумағында «Көктем-2021» РКШОЖ іс-шараларын дайындау және өткізу туралы» бұйрығы қабылданды. Қызылорда қаласы мен аудан әкімі аппараттарының, азаматтық қорғау қызметтерінің, облыстық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың тізбесі бұйрыққа сәйкес бекітілді.
«Көктем-2021» РКШОЖ іс-шарасының бірінші кезеңінде, яғни 2021 жылғы 4 наурызда сағат 08.00-де «Дабыл-1001» шартты белгісі қабылданғанды. Осыған орай Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметінің күштері көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін жоғары дайындыққа келтірілді.
«Көктем-2021» РКШОЖ-ның республикалық штабына 08.05 минутта хабарлама жіберілді. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай аймағы бойынша төтенше жағдай және оның салдарын жою бойынша тәуліктік штаб жұмысы ұйымдастырылды.
№1 тәжірибелік оқу жаттығу:
Қызылорда облысы Сырдария өзенінде сең жүру кезінде мұз кептелістерінің әсерінен дария деңгейі көтеріліп, жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төнді.
09.15 минутта Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Тартоғай елді мекеніне Қызылорда қаласының авариялық құтқару құрылымдары ілесіп алып жүру маршын (колонный марш) жасады.
10.35 минутта құрамында 191 жеке құрам, 51 бірлік техника оқиға орнына жетті.
Су алған елді мекеннің жанына жедел штаб құрылып, далалық лагерь жасақталды. 12 дана далалық палатка (полевая палатка) құрылды. Энергетика қызметі электр желілерін жүргізіп, үздіксіз тоқ көзімен қамтамасыз етті.
Оқиға орны қоршалып, аймақты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тобы күзетті. Сондай-ақ құтқару қызметі зардап шегушілерді қауіпсіз орындарға шығарып, медициналық қызметке табыстады. Медициналық қамтамасыз ету тобы далалық лагерьде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сонан соң ауруханаға тасымалдау жұмыстарын жүргізді.
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау қызметі үй жануарлары мен малдарды қауіпсіз жерге айдап шығып, су алмайтын биік жерлерге орналастырып, олар жем-шөппен қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру қызметі су сору мотопомпалары арқылы су басқан тұрғын үйлердің ауласынан су сору жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар толық эвакуацияланды.
Инженерлік қызмет дамбының жырған жерлеріне құм үйіп, нығайту жұмыстарын жүргізді. Көлік қызметі тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат қызметі оқиға орнынан тікелей көрсетілім арқылы төтенше жағдай туралы ақпаратты баяндады. Осы ретте жергілікті және республикалық арналарға сұхбат берілді.
Сауда қызметі төтенше жағдай орнында жұмыс жасап жатқандарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін далалық палаткада ас ұйымдастырды.
Мекемелерден түскен хабарламаларды қабылдау үшін Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Дағдарыс орталығы ұйымдастырылды.
Төтенше жағдай аймақ орнында жылжымалы басқару пункті және байланыс торабы дайындыққа келтірілді (Шиелі ауданы Тартоғай елді-мекенінде аумағында КШМ (команалық-штабтық машина) құрылып, мәліметтерді уақытылы беру үшін ҚТ (қысқа толқынды), УҚТ (ультро-қысқа толқынды) радиобайланысы және АСТЕЛ спутник байланысы орнатылды). Мамандар өз міндеттерін саналы әрі уақытылы атқара білді.
Басқару пункті дайындыққа келтіріліп, облыстың халықты құлақтандыру және байланыс жүйесі тексерілді. азаматтық қорғау қызметтері мен Қызылорда қаласы және аудан әкімі аппараттары арасында өзара байланыс жүйесі ұйымдастырылды.
Жалпы Тартоғай ауылдық округінде 464 үй, 2301 адам бар. Мал санына келер болсақ, 2887 ірі қара, 6442 уақ мал, 926 жылқы және 24 түйе бар.
Қазіргі таңда Сырдария өзеніне Шардара су қоймасынан 200 м3 су түсуде. Оның 100 м3 Көксарай су қоймасына алынуда. Қызылорда гидробекетінен 180 шақырым жоғарыға қарай Шиелі ауданы Тоқсейіт учаскесінен бастап мұз толығымен ұстасқан.
Жалпы Қызылорда облысында «Көктем-2021» РКШОЖ өз деңгейінде басталып штаттық режімде өткізілуде.
Қызылорда облысының
төтенше жағдайлар департаменті
Пікір 1