Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеті

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеті

Адамға өмір бойы әр түрлі қауіп-қа­тер кездеседі. әр азамат өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқы­лы.

Халықаралық қауымдастық болуы мүмкін апаттарды жою және олардан зардап шеккендерге көмек беруде мемлекетаралық шараларды үйлестіретін халықаралық ұйым құру қажет деп тапты.

Соның нәтижесінде 1932 жылдың наурыз айында Швейцарияның Женева қаласында Азаматтық қор­ғаныстың халықаралық ұйымы құрылып, Қазақстан Рес­публикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымының қатарына қосылды. Содан бері жыл са­йын «1 наурыз – Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» болып аталып өтіледі. Біздің мемлекетіміз өзі­нің азаматтарының өмірін қорғау мен қауіпсіздігін қам­тамасыз ету саясатын жүргізіп келеді. Қазіргі кезде елімізде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жү­йесі қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі халықты, қоршаған ортаны, шаруашылық нысандарын табиғи және техногенді апаттардан қорғау және одан туындаған зардаптарды жою өрт қауіпсіздігін, өнеркәсіпте, тау-кен орындарында қауіпсіз еңбек ұйымдастыруды бақылау салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және іс-қимылдарды үйлестіретін міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдар негізі болып табылатын арнайы заңдылық базасы жасалды. Осы заңдардың негізінде облыста іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті үйлестіретін халықты және аумақты қорғайтын төтенше жағдайлар және аза­маттық қорғаныстың қызметтері мен құрылымдары облыста, қалада, аудандарда құрылды.

Соңғы жылдары жер шарының халқы мен кейбір аймақтары әр түрлі қауіпті табиғи және техногенді си­паттағы апаттардан зардап шегуде.

Біздің облыс аумағында су тасқыны, өрттер, індеттер, техногенді сипаттағы апаттар, жол-көлік оқиғалары, желді-қарлы борандар, нөсер жаңбырлар сияқты тө­­тенше жағдайлар болып тұрады. Болып жатқан тө­тенше жағдайлар экономиканың өркендеуіне кері әсерін және әлеуметтік даму процесіне теріс ықпалын тигізіп азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға орасан зиян келтіретіні анық. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Заңдарымен қарастырылған халық өзінің құқығы мен міндеттерін білуі және де негізгі ережелерді естен шығармауы тиіс. Олар: су тасқыны кезіндегі іс-әрекет, жол қауіпсіздігін сақтау, су айдынындағы іс-әрекет өзіне және өзара көмек көрсету.

Азаматтық қорғаныс саласының басты бағыттарының бірі – барлық санаттағы халықты әр түрлі сипаттағы қауіп-қатерлер төнген жағдайда атқаратын іс-қимыл ережелеріне оқыту.

Азаматтық қорғаныс баршаға қатысты. Сондықтан барлығыңызды күнделікті, оқу, жұмыс орнында қауіп­сіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдай қауіп төн­генде немесе олар орын алғанда өзіңізді құтқаруға және зардап шеккен адамға қол үшін беруге дайын болуға шақырамыз.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
27 ақпан 2021 ж. 1 027 0