Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар қауіпсіздігі жіті бақылауда

Тұрғындар қауіпсіздігі жіті бақылауда

Жақында «Көктем – 2020» республи­калық командалық-штабтық оқу-жат­тығуы өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты.
Оқу-жаттығу барысында тиісті бөлініске сай сала басшылары дайындық барысын баяндады. Аудан әкімдігінің, азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті арнайы техникаларының дайындығы мен инертті материалының қоры нақтыланды. Олардың қауіпті учаскелерге шоғырлануы тексеріліп, жарамдылығы назарға алынды. Өз кезегінде су тасқынының алдын алуда аудан бо­йынша материалдық-техникалық қор жеткілікті екенін айта кеткен жөн. Сонымен бірге су басу қаупі бар учаскелерден тұрғындарды, жануарларды көшіру мақсатында 8 эвакуациялық жинақтау, 10 эвакуациялық қабылдау бекетінің орны да­йын. Бұл ретте Қалжан ахун ауылдық округіндегі №5, №6 эвакуациялық жинақтау пункттері мен С.Сейфуллин ауылдық округіндегі №5, №6, №7 эвакуациялық қабылдау пунктінің дайындығы жан-жақты тексеруден өтті. Ал төтенше жағдай орын алған жағдайда тұрғындарды құлақтандыру үшін аудан бойынша 3 дабыл жұмыс істейді.
Оқу-жаттығу барысында «Сырдария» өзенін­дегі сең жүру бақыланып, бөгеттерді қайта тұр­ғызу практикалық шарасы жүргізілді. Төтенше жағдай орын алған уақытта мамандардың ең бірінші тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге дайындығы тексерілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
03 наурыз 2020 ж. 641 0