Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов және «Қызылорданың еріктілері» қоғамдық қорының басшысы Ольга Чебакова кездесіп ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«ТЖ еріктілері» жобасы Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы жоба. Бұл жобаның мақсаты - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, «ӨСжАҚЖҚ» ММ, Қызылорда облысының «ОӨАЖҚЖ» ММ, Қызылорда облысының «Апаттар медицина орталығы» филиалының қызметкерлері ерікті жастармен біріге отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу.
Алдағы уақытта «ТЖ еріктілері» жобасын өркендету мақсатында еріктілердің санын арттыру жұмыстары жасалатын болады.
20 маусым 2018 ж. 1 023 0