Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сіз де қалыс қалмаңыз!

Сіз де қалыс қалмаңыз!

«Nur Оtan» партиясы Cырдария аудандық филиалы партиялық кадрлық резервке іріктеудің басталғанын хабарлайды!
Егер Сізді ауданның әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы алаңдатса және Сіз оны дамытуға үлес қосқыңыз келсе, Сізді партиялық резервке іріктеуге қатысуға шақырамыз!
Іріктеуге 20 жастан асқан, соттылығы жоқ және Сырдария ауданының аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Партиялық резервке іріктеуге тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар партияда жоқ, бірақ «Nur Otan» партиясының қатарына қабылданғысы келетіндер де қатыса алады.
Қалай қатысуға болады:
1-қадам: «Nur Otan» партиясының сайтында «Партиялық кадрлық резерві» бөлімінде тіркелу;
2-қадам: Іріктеуге қатысуға өтініш беру;
3-қадам: Веб-сайтқа қажетті құжаттарды жүктеу: жеке куәлік, партия билеті (бар болса), наркологиялық және психоневрологиялық есепте жоқтығы жөніндегі және сотталмағандығы туралы анықтама («Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ облыс бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» бойынша Сырдария аудандық бөлімі).
Сонымен қатар, өтінімді Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті Н.Ергешбаев көшесі, №5 мекен жай бойынша Сырдария аудандық партия филиалына (ұйымдастыру комитеті) жеке ұсынуға болады.
Байланыс телефондары – 8(72-436) 22-1-05.
Өтінімдер 2019 жылғы 28 қазан мен 4 қараша күндері аралығында қабылданады.
27 қазан 2019 ж. 976 0