Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жол құрылысы – партиялық бақылау назарында

Жол құрылысы – партиялық бақылау назарында

"Nur Otan" партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тереңөзек кентінің Н.Ілиясов және Қ.Бөдеев көшелерін байланыстаратын жол құрылысына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, аталмыш жолдың бойындағы Майжарма және Айтбай арық каналдарынан салынып жатқан көпір құрылыстары да назардан тыс қалмады. 850 метрге созылған жол құрылысының мердігері "Қыран" ЖШС-гі.

Кент тұрғындары үшін, көлік қатынасын ыңғайландыру мақсатында салынып жатқан жаңа көпірдің игілігін тұрғындар аз уақытта көретін болады. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жол және көпір құрылысын жүргізіп жатқан серіктестік жұмысшыларына ең бастысы сапаға көңіл бөлу керектігін ескертті.
13 қыркүйек 2019 ж. 1 116 0