Сыр күріші – ел ырысы
Сыр күріші – ел ырысы. Аудан шаруашылықтарында егін орағы басталды. Маңызды науқанға жан-жақты дайындықпен келгендердің қатарында Сәкен ауылында орналасқан «Құндызды май» ШҚ да бар. Биыл бұл шаруашылық 800 гектар алқапқа бітік егін өсірді. Жылда «Лидер» сортын егіп, мол өнім алатын диқандар биыл да күріш дақылының осы тұқымын алқапқа сіңірді. Аудан шаруашылықтарында егін орағы басталды. Маңызды науқанға жан-жақты дайындықпен келгендердің қатарында Сәкен ауылында орналасқан «Құндызды май» ШҚ да бар. Биыл бұл шаруашылық 800 гектар алқапқа бітік егін өсірді. Жылда «Лидер» сортын егіп, мол өнім алатын диқандар биыл да күріш дақылының осы тұқымын алқапқа сіңірді.
«Құндызды май» ШҚ-да алғашқы орақ Мұрат Кейтбаев жетекшілік ететін №2 бригада күріштігіне түсті. «Ақорда-Капитал» ЖШС президенті А.Рахмет пен «Құндызды май» ШҚ төрағасы Б.Рақмет бастаған ауыл ардагерлері, күрішші, механизаторлар алғашқы орақтың лентасын қиды. «Өнім мол болсын, қырман тасысын» деп ауыл қарты Қайырбек Әбдіқадіров бата берді.
Озат комбайншы Руслан Кәрімжанов «Магдон» жаткасымен егінге орақ салды. Алғашқы айналымда-ақ құшақ жетпейтін дестелер жал-жал болып алқапта жатты.
– Биылғы егін орағына 3 жатка, 3 комбайн және 2 «Беларусь», 3 ХТЗ трактор тіркемесімен қатыстырылуда. Егінді төкпей-шашпай қысқа мерзімде жинап алуға мүмкіндік мол, – дейді шаруашылық агрономы Өмірзақ Жанбайұлы.
«Жерде өнген, жерде қалмасын» дегендей шаруашылық еңбеккерлерінің бар мақсаты – бітік егінді қысқа мерзімде ысырапсыз жинап алу.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ