Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ


«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Сырдария аудандық балалар кітапханасының және «Жыр-жауһар» клубының ұйымдастыруымен«Өткен күрестер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Шараға кітапхана қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мәдени шара\Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні орындаудандан басталды. Танымдық кеш барысында«Тәуелсіздікке жол ашқан – Желтоқсан» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары патриоттық әндер, өлеңдер айтты. Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы слайд көрсетілді. Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, егемен елдің даму белестері жөнінде мысалдар келтірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 желтоқсан 2017 ж. 3 450 0