Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ


Ширек ғасырлық тарихы бар мемлекетіміз күннен-күнге дамып, болашағын айқындай білді. Ел басына төнген қауіп-қатерден арылып, өзге жұрт қызығарлықтай тың өзгерістерге бой алдырды. Ұрпақ тәрбиелеу жолында Отан ананың қастерлі, қадірлі екендігін ұғындыру қажет. Болашақ ел тұтқасын ұстар жеткіншіктер саналы білім алып, келешегін бағдарлай білгені абзал. Осы орайда ел тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында аудандық музейдің «Еңбек даңқы» филиалында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің педагогикалық ұжым ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» тақырыбында салтанатты кеш өткізілді. Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы М.Омаров, ардагер ұстаздар мен сала мамандары қатысты.
Мерекелік кеште мектеп оқушылары мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдардағы орын алған тарихи оқиғаларды атап өтті. Әдеби қойылымдар көрсетіп, маңызы зор қазақ елінің жарқын бастамаларын сахналады. Тәуелсіздікке арналған өлең жолдарын оқып, патриоттық әндер шырқады. Кеш қонақтары ұлық мерекенің маңыздылығына тоқталды. Жасампаз еліміздің дархан даласын, жазық мекенін қорғау келер ұрпақтың міндеті екенін жеткізді. Өз кезегінде лэд экран арқылы қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлан байтақ жері жайлы фильм көрсетілді.

«Тт»-ақпарат
26 желтоқсан 2017 ж. 1 297 0