АТА ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ

Егемендік алған тұстан бері білім саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Ең алдымен халық баласына сапалы білім бере отырып, жарқын болашақтың қалыптасуына зор үлес қосу маңызды. Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің әлеуетін көтеріп, кәсіби біліктілігін арттыру басты орында. Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы ұстаздардың мәртебесін айшықтап, құқығын сақтауға бірден-бір себепкер болады. Еліміздің басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз болып саналады. Барша ұстаздарды «Конституция күні» мерекесі және жаңа оқу жылымен құттықтаймын.
Алмас Есназар,
аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы