Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МАҢЫЗДЫ

ХАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МАҢЫЗДЫ

Елдің жаңа даму кезеңінде саяси тұрғыдан айқын бағдар ұстану арқылы тұрақтылықты сақтау – биліктің басты қағидаты. Сыртқы саясатта шет мемлекеттермен өзара ынтымақтастық орнатып, Елбасының қолға алған бағытын әрі қарай тиімді жалғастыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі жоспары екені рас. «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасының алғашқы бөлімінде сабақтастық туралы айтылады. Мемлекет басшысы ең бас­ты орынға тәуелсіздік, егемендік және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуды қоя отырып, мызғымас бірлікті сақтауды берік ұстанды. Жалпы алғанда ширек ғасырдан астам уақыт шеңберінде қол жеткізген зор жетістікті абыроймен жалғастырып, әлемдік аренада өз орнымызды жоғалтып алмауға ерекше басымдық беруде.
Мемлекеттің серпінді экономикасы мен мық­ты әлеуметтік саясатын қалыптасқан жүйеде орнықтыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Сондықтан билік алдында эко­номикалық тұрғыдан сапалы әрі нақты қа­дамға бара отырып, ел әлеуетін көтеру міндеті тұр. Осы орайда мақсатты түрде ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын арттыру жүзеге асуда. Азаматтардың тұрмыстық деңгейі өсіп, әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Игілікті істерді жүзеге асыру арқылы ел арасындағы татулықтың үлгісін өзгеге жария етіп, мәңгілік Қазақстанның өркендеуін өрістету нақты бағытқа айналған. Осыған дейін Елбасы тарапынан бастау алған әлеуметтік бағдарламаның басым көпшілігін мүлтіксіз орындай отырып, әрі қарай дамытуды жетілдіру керектігі алдыңғы орынға қойылып отыр. Елдің тұрмыстық деңгейін көтеру нәтижесінде мемлекеттің де іргесі мықты болатыны сөзсіз. Қай кезде де озық мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, әлеумет пен экономиканы тұрақты ұстау – қарышты дамудың алғышарты екені айтпаса да түсінікті.
Ел Президенті өзінің негізі бағыты ретінде экономиканың қозғаушы күші – бизнестің күретамырына қан жүгірте отырып, инвестиция тартуды санайды. Бұл тұрғыдан қауіпсіздікті қатаң ұстанып, іскер азаматтардың кәсіппен айналысуына жағдай жасау керек. Сонда ғана өзара әлеуметтік мәселенің шешімі өзін-өзі табыс табуға итермелей отырып, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету шешімін табады.
Сондай-ақ Президент бағдарламасында аза­маттардың мүддесіне үн қосып, заңдық, құқық­тық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік туғызу қа­рас­тырылған. Қоғам өмірінде бір-бірімен са­бақ­тасып, байланысқан сан түрлі қызмет адамның өмір сүру дағдысын оңтайландыруға арналуда. Өз бағытын нық ұстанған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың пікірімен санаса отырып, экономикалық, әлеуметтік бағытты дамытуға күш салып келеді.

Б.ОРДАБЕКОВ
06 тамыз 2019 ж. 676 0