Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз – ұлағатты сөз

Ұстаз – ұлағатты сөз


Ұстаз – ұлағатты сөз. Қазіргі заман талабына сәйкес педагогтардың бала тәрбиесіндегі білім деңгейі өте жоғары болуы міндетті. Әрбір атаана баласының сапалы білім алғанын қалайды. Мектеп жасындағы екі перзенттің анасы ретінде күн сайын білім саласындағы реформадан жақсы жаңалық күтетінім рас. Әркез балаға озық үлгідегі білімнің берері мол. Бүгінде оқушыларды заманауи техноголияны меңгерте отырып, болашақ білікті маман болуға ұмтылдыру басты талап екенін білемін. Жаңалыққа жаны құмар шәкіртіне айрықша тәлім-тәрбиесін ұғындырған педагогтың өлшеусіз еңбегі еш уақытта ескерусіз қалмауы тиіс. Осы ретте Елбасы Н.Нзарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында биылғы жылы «Педогог мәртебесі туралы» заңды шығарып, әзірлеу жөнінде айтқаны құптарлық жағдай.
Үнемі халық баласының санасына білім нәрін құятын ұстазға жағдай жасау арқылы кәсіби маманды даярлап шығамыз. Ата-ана мен ұстаздың басты мақсаты білімді ұрпақты тәрбиелеу. Ұстаздың мәртебесі биіктеген сайын саналы түрде баланың болашағына бей-жай қарамайтыны тағы бар. Қазіргі таңда педагогтың әлеуетін біршама көтеруге мемлекет тарапынан ықпал жасалғаны орынды. Еш уақытта кедергісіз берілген білім болашаққа құйылған инвестиция екені анық. Білім саласындағы үш тұғырлы тіл саясатының балаға мүмкіндігі зор. Технологияны жетік игеруі болашақта жаңашылдыққа қадам басуына себепкер болады. Жоғарыда аталған мәселе төңірегінде ата-ананың көзқарасы қай кезде жақсы жағынан қалыптасады. Себебі, ата-ана мен педагог тығыз байланыс орнатып, ұрпақтың болашағын қалыптастырады. Ұстаз мәртебесінің жоғары болуы арқылы мұғалімнің өлшеусіз еңбегі бағаланады.

Лаззат ИБРАЙМОВА,
ата-ана
20 қаңтар 2019 ж. 1 828 0