ОРТАҚ ҮНДЕСТІК: КЕҢЕС ЖҰМЫСЫНА СЕНІММЕН ҚАРАЙЫҚ
Елдің тұрақты динамикалық әлеуетін саралай отырып, жан-жақты көзқарасты қалыптастыру маңызды. Әр елдің ұстанған саясатына байланысты негізгі функционалдық міндетті айқындау – халықтың сенімін нығайтуға басты жол. Күн өткен сайын ұлттық мүддені жоғары қойып, халық пен билік арасын жақындастыруға ықпал жасау тетігін жетілдіруге билік тарапынан баса көңіл бөлініп келеді. Экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық тұрғыдан саяси ахуалға назар аудару қажеттігі туындап, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру көзделіп отыр. Биылғы жылдың 17 шілдесінде Перезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Ұлттық кеңестің негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы мемлекет саясатының өзекті мәселелерін өзара талқылай отырып, күнделікті ұсыныстар мен ұсынымдарды жан жақты зерделеу екені анық. Елдегі жұртшылықпен тікелей санасатын кеңестің жұмысы алдағы күнде жанданбақ. Өз нәтижесін бермек.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жасалып жатқан жұмысты зерделеу арқылы ұтымды жағын қарастыру стратегиялық ахуалды жоғарылатады. Құрамында кез келген салада қоғам алдындағы борышын адалдықпен атқарып жүрген азаматтар болғандығы қуантады. Осы күні тәжірибелі мамандардың өзара бірігуі незінде ортақ ой мен тұжырым жасалатыны айтылып жүр. Ашық пікір алаңында көретілген кез келген мәселе қоғам назарынан тыс қалмайды. Белгілі бір межені бағындыра отырып, күрмеуі шешілместей көрінген түйткілдің тамырын басып, мақсатты түрде алдын алған орынды. Өйткені жалпақ жұрттың сеніме селкеу түсірмеу – абыройлы іс екені баршаға мәлім. Болашақтың жарқын қалыптасуына септігін тигізетін кеңестің келешегі кемелденіп, шынайы үндестік жолында табанды еңбек ету құптарлық жағдай. Сенім үдесінен шығу үшін қоғам белсенділері саяси билік, партия өкілдері барлық жағдайда айқын мақсатты түрде қадам жасайтын болады.
Қашанда бірлігі жарасқан мемлекеттің жанды бөлшегі қарапайым халық. Жұдырықтай жұмылған жұртшылықтың басты тілегі – тұрақтылық. Бейбіт заманда бір арнаға ұйысып, құндылықтың көкжиегіне терең бойлау егемендіктің жарқын үлгісі. Осы күні қоғамның басты назарына іліккен Ұлттық кеңес жұмысына сәттілік тілейміз.
Б.ОРДАБЕКОВ