МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚАДАМ
Егемендік алған уақыттан бері Қазақстан қарқынды дамып келеді. Сыртқы және ішкі саяси ахуал тұрақты қалыптасып, мемлекетіміз аз ғана уақыт ішінде әлем таныған алпауыт елге айналды. Бұл жолда еңбегі ерен Елбасының атқарған жұмысы ұшан-теңіз. Мемлекетті басқарған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұрақтылығын сақтап, ынтымақ, бірлігі жарасқан елге жеткізді. Индустрисы өркендеген тұрақты мемлекетті қалыптастырды.
Әркез сарабдал саясатты ұстанатын Елбасы жуырда тарихи шешім қабылдап, өзінің өкілеттілігін тоқтатқан болатын. Жоғары биліктің заңды және бейбіт жолмен ауысуы әлемдік қауымдастықтағы мемлекет мерейін асқақтатты. Елбасы шешіміне көпшілік құрметпен қарады. Міне, соның ізімен бүгін ел үшін маңызды тағы бір тарихи шешім қабылданып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, елімізде кезектен тыс Президент сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл аса жауапкершілікпен жасалып отырған жұмыс. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруға алдымен Ел Президентін тағайындап алу міндет. Осы себепті де Мемлекет басшысы қажетті қадам жасап, жауапты шешім қабылдап отыр.
Жалпы, бұған дейінгі Президенттік сайлауларға қазақ елі жұмыла атсалысып, саяси науқан кезінде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білді. Міне, сол үрдіспен бұл жолғы сайлауды да ынтықпен өткізіп, Қазақстан мемлекетін қарышты дамытуға үлес қосайық!

Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
«Углесбыт» ЖШС директоры