Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

Жаңадан сайланған Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлық­тау рәсіміне қатысу мен үшін зор қуаныш болды. Ұлт тіз­гінін қолға алып, қазақ­стан­дықтарды да­муға бастайтын Мемлекет басшысымен бірге болу мен үшін мақтаныш. Бұл күн тарих қойнауына алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Себебі, кезектен тыс Президент сайлауында жеңіп шығып, ел сенімін арқалаған Мемлекет басшысының ант берген сәті ерекше пат­риоттық сезім ұялатты. Ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеген Ел Президенті Қ.Тоқаев елдің тұрақтылығын сақтай отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында айқын бағыт-бағдар ұстанатындығын жеткізді.
«Қазақстан әлемдік аренада үлкен абырой жинады. Өзін бейбітшілікті сүйетін, ашық, сенімді мемлекет ретінде бекітті. Халықаралық істерде сенімді әрі жауапты серіктес екенін бекемдеді», – деген Мемлекет басшысы жалпы әлем елдерімен тығыз байланыс орната отырып, елдің сыртқы саясатын нығайтуды, ішкі тұрақтылықты сақстауды және мемлекетті дамытуды басты мақсаты санайды. Бұл ретте, әлемдік қауымдастықта ұлттық мүддені қорғайтынымыз айқын дәлел. Қай кезде де ел халқы жасампаздық пен өрлеу тұсында сайланған Мемлекет басшысына зор сенім артады деп білемін.

Нұржамал МЫРЗАҒАЛИЕВА,
аудандық аурухананың бас дәрігері
18 маусым 2019 ж. 801 0