Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ПАРА БЕРУ ДЕ ҚЫЛМЫС

ПАРА БЕРУ ДЕ ҚЫЛМЫС


Сыбайлас жемқорлық тақырыбы жайында Елбасы Н.Назарбаев әлемде ешкімнің оны толықтай жеңе алмағанын атап өткен болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда 2017 жылдың өзінде мыңнан астам мемлекеттік қызметкер сотқа тартылды.
Елбасы білікті кадрларды даярлау үшін көп уақыт пен күш жұмсау керектігін айтты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бар. Біз оны бір секундта тоқтата алмаймыз. Керісінше, біз күштірек күресеміз. Ал, егер біреу пара алып жүрсе, демек біреу беріп жүр деген сөз. Сондықтан, бұл жалпы халыққа ортақ іс. Біз бұқаралық ақпарат құралдарында бұл жайында хабарлауымыз керек. Пара бермеуіміз керек, сонда оны алмайтын болады», — дейді Президент.
Біз жастар Елбасы айтқан «дерттен» аулақ болуымыз керек. Себебі, қазір пара алған адам ғана емес, пара берген адам да қылмыскер қатарына жатқызылып, қатаң жазаланатын болады. Сондықтан жастар тек өз біліміне сеніп, жұмыс жасау керек. Пара беріп жұмыс жасауды немесе қызмет бойынша өсуді емес, керісінше білімге ұмтылу, іздену керек.

Н.Өтепбергенов,
«Мирас» жастар ұйымы»
қоғамдық бірлестігінің мүшесі
30 қараша 2018 ж. 1 730 0