Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛ ДАМУЫНА САЛЫНҒАН ДАҢҒЫЛ

ЕЛ ДАМУЫНА САЛЫНҒАН ДАҢҒЫЛ


Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесін  қамтыды. Табыс пен тұрмыс сапасына кең көңіл бөлінді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстандағы халық саны 14 миллионнан аспайтын. Бүгінде біз 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артып отыр.
Осындай жетістіктерді еске салған Елбасы дамуымыз бен халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру мәселесінің күн тәртібінен түспейтінін жан-жақты және өте маңызды мәселелерді атай отырып қамтыды.
Әсіресе, білім берудің түйткілдері, мұғалім мәртебесі жайлы айтылған Президент сөзі өте құптарлық. Мұғалімдердің артық жұмыстарға жегіліп, ретсіз тексерулерге ұшырап жүре¬тіні шын. Олардың басты мақсаты ел болашағы – білімді жас өскінді өсіріп шығару. Мұғалім осы ісін алаңсыз атқаруы тиіс. Міне, Президент осыған жете мән берді.
Сонымен бірге Елбасы шет елдің тауарына тәуелділікті доғару туралы айтты. Экономикалық негізі қалыптасқан елімізде киім-кешек пен тұтыну заттарын айтпағанда, бала ойыншығының өзі өндірілмесе, онда бұл шын мәнінде ойланарлық мәселе.
Осылармен қатар Президент тұрғындардың баспанамен қамтылу жайы, «7-20-25» бағдарламасының орындалу барысына тағы бір тоқталды.
Бұл Жолдаудың ерекшелігі, Президент өзі көтеріп отырған күрделі мәселелерге қатысты сала министрлерінен аяқасты жауап ала отырып, Үкіметке бірқатар міндеттер жүктеді.
Ендігі мәселе Үкімет пен жергілікті биліктің ел дамуы жолындағы еселі еңбегі болмақ.

Қуанышқали ШАПШАҢОВ,
еңбек ардагері.
08 қазан 2018 ж. 887 0