Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Келешектің көмекшілері

Келешектің көмекшілері


ХХІ ғасыр – цифрлы технологияның жедел дамыған кезеңі. Қарқынды дамығаны соншалық қазір барлық тіршілік осымен байланысты. Яғни, күнделікті қолданып жүрген компьютер, смартфонсыз ешқандай іс бітпейтін кезеңге келдік. Енді адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды қолданудың уақыты таяу. Осы тұрғыда, әлемдегі Жапония, АҚШ, Германия секілді робототехника саласы қарқынды дамыған елдер инновациядан индустрияға көшкен. Ал бұл сала Қазақстанда енді қар­қын алып келеді. Біз аталмыш сала бойынша жоғарыдағы мемлекеттерден әлдеқайда артта қалғанбыз. Дегенмен, қазақ баласы да робот жасау ісіне машықтанып, нанотехнологияның алғашқы баспалдағын меңгеруде.
Бүгінде елімізде роботехника саласы кең қолданыс тауып отыр. Оған мүмкіндік те толығымен жасалуда. Соның аясында ауданда оқушылардың робот жасауға деген құлшынысын арттыруға үйірмелер ашылып, арнайы сыныптар жасақталған. Оны аудан орталығындағы «Оқушылар үйінен» көруге болады. Мұнда робототехника, 3D модельдеу кабинеті бар. Оның жұмысымен танысу үшін аталған үйірмелер жетекшісі, жас ұстаз Ақылбек Асқаровпен жүздестік. Балаларды «жасанды интеллект» жасауға баулып жүрген жас техник өз саласын жүйежүйелеп түсіндірді.
Жас техник демекші, Ақылбек осыдан екі жыл бұрын қолдан трактор құрап шығарды. «Жас техник» үйірмесінде жүргенде кент тұрғыны Жеңіс Әбдреев екеуі техника жасап, пайдаға асырған. Оған екі цилиндрлі У2 моторын салып, қозғалтқыш қорабына «Москвичтікін» орнатқан. Алдыңғы дөңгелектер де Ресей көлігінікі болса, артқы қос дөңгелек Газ-66 техникасынікі. Бензинмен жүретін трактор жас маманның алғашқы жобаларының бірі. Қазір ол робот жасау ісін жастарға үйретіп жүр.
«Оқушылар үйінде» «Робототехника» кабинеті үстіміздегі жылдың қаңтар айында ашылған. Мұнда оқушылардың ой-өрісіне орай робот жасау құрылғылары әкелінген. Мәселен, 4-9 сыныптарға арнап «LEGO mindstorms» құрастыру роботтарының жиынтығы бар. Бұл арқылы баспалдақпен жүретін робот, піл, ит, түс сорттағыш, қоқыс тазалағыш робот жасауға болады. Мысалы, қоқыс тазалағыш роботтың құрылымы моторлардан, микропроцессордан, датчиктен жасақталады. Ол арнайы қара жолағы бар сызық бойымен қозғалады. Оған моторлар мүмкіндік берсе, датчиктер берілген тапсырманы орындауға ықпал жасайды. Оның ішінде, ультрадыбысты датчик ара-қашықтықты есептесе, жанасу датчигі бір жерге соқтығысқанға бірден тоқтауға әсер етеді. Ал гираскопиялық датчик бұрылу градусын есептейді. Жалпы, датчик 6 түсті ажыратады. Мұны 3-4 сыныптан бастап меңгеруге болады. Бұл арқылы робот құрастыру жеңіл екен.
Құрылымдаушы робот жасаудан жас ұстаз топаралық жарыстар ұйымдастырып отырады. Атап айтқанда, сабақ кезінде «Кегельринг», «Кегельринг-квадро», «Робот-сумо» жарыстары өткізіліп отырады. Бұл жастардың робот құрастыруға машықтанып, жаңашылдыққа бетбұрыс жасауына септігін тигізеді. Мұны жақсы меңгерген жас роботшылар облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда, облыстық «Robofest» фестивалінде 9-сынып оқушысы Дарабек Демесін шеңбердің ішінен 4 қара кегельді 16 секундта шығарып, екінші орынды иеленіпті. Ал WRO (world robot оlympiad) облыстық бәсекесінде Нұрдәулет Жанқожаевпен бірге үшінші орынды еншілеген.
Үйірме жетекшісі А.Асқаров қазіргі таңда жастарға «LEGO»-мен қатар «Robots mini» құрылымдаушысымен де робот жасауды меңгертуде. Мұны алдыңғыға қарағанда құрастыру қиынырақ. Жалпы, гуманоид роботтарды жасауға 3-4 күн уақыт кетеді. Олар адам тәрізді қозғалып, отырып-тұрып, билеу секілді іс-қимылдарды жасайды. «Жасанды интеллект» деген осыдан шыққан. Әлем елдері мұны жетілдіріп, адамның көмекшісі ету тұрғысында ғылым жетістігін қолдануда. Осы тұста, жасанды интеллект жасауда жапондықтардың құштарлығы жаһанды таң қалдырып жатқанын айтып өткен жөн.
Робототехниканың ең қиын саласы бірыңғай микросхемамен жасалатын жұмыс. Бұған қатысты кабинетке «Arduino» компаниясының өндірісі алынған. Әзірге микросхемамен жұмыс жасау енді қолға алынбақ. Мұны меңгеру өте қиын екенін айтады жас техник. Өйткені, барлығын есептеп, оны жүзеге асыруға оқушылар жан-жақты білімді меңгеруі тиіс. Нақтырақ айтқанда, оқушылар ойлау жүйесін дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге математика, физика, информатика, технология, инженерлік негіздерін білуі қажет. Соның негізінде аталмыш құрылғылар арқылы көлікке пактроник, электронды сағат, үйдің ылғалдылығын өлшейтін гигрометр, үлкен супермаркеттегі өзі ашылып-жабылатын есіктерді және тағы басқа дүниелерді жасай алады.
Облыс орталығындағы Назарбаев мектебінде білімін жетілдірген жас ұстаз қазіргі таңда 30 оқушыға робототехниканы үйретуде. Бұған жастардың қызығушылығы жоғары екенін айтады.
– Қазіргі жастардың ой-өрісі жақсы дамыған. Компьютерді жетік меңгерген. Соның ықпалымен робот жасауға деген құлшыныстары көңіл қуантады. Кейде 9.00-де басталатын сабаққа ерте келіп алғаннан-ақ оқушылардың талпыныстарын байқаймын. Сабақ барысында өзіндік жұмыстар бергенде, түрлі роботтарды құрастырып шығады. Оның барысында бұрын жасамаған роботтарды құрастырғысы келіп, түрлі сұрақтарын қояды, ұсыныстарын білдіріп отырады. Мемлекетте жас сала болған соң бүгінгі жастардың деңгейі тәп-тәуір екенін айта аламын, – дейді Ақылбек Жаппарбекұлы.
Келесі кезекте үйірме жетекшісі «3D модельдеу» кабинетіндегі заманауи құрылғылармен де таныстырды. Бұл кабинет осы жылдың қыркүйек айында жасақталған. Мұнда Ақылбек «Flashforge» 3D принтерімен жұмыс жасауда. Біз барғанда сол арқылы динозаврдың мүсінін жасап жатыр екен. Ол үшін компьютердегі «Blender» бағдарламасымен қажетті мүсіннің сұлбасын сызып, принтерге жібереді. Ал берілген мүсінді арнайы қолданылатын пластмасса сымын 250 градуста ерітіп, жасап шығарады. Оның уақыты мүсіннің көлеміне байланысты. Біз барған мезеттегі жасалып жатқан мүсіннің уақыты екі сағат екен. Принтерге осындағы 3D сканер көмегімен де түрлі мүсіндерді жасап шығаруға болады. Оған қоса, «Phantom 4 advanced» маркалы дронның да қажеттілігі зор. Үлкен ғимаратты төбеден түсіріп, оның да макетін жасауға мүмкіндік мол. Жалпы, «Робототехника» кабинетінде оқушылардың робот жасауға деген құлшынысын байқасақ, «3D модельдеу» кабинетінде заманауи құрылғылар жетістігін көрдік. Аудан жастарының жас саланы өркендетуге өресі жететінін білдік.
Қоғам осыған бет алып бара жатқанын ескерсек, болашақта роботтар адами капиталдың орнын баспақ. Олар жұмысты жеңілдетіп, барлық тіршілік жасанды интеллект жұмысына айналмақ. Жас ұстаздың өзі жақын болашақта түбі осыған баратынымызды жеткізді. Сондықтан жастар аталған салада әлем елдерімен иық теңестіру үшін ізденіс жасап, көп еңбек ету керектігін тілге тиек етті. Қолындағы роботына қарап «келешектің көмекшілері осылар екен ғой» деген ойға қалдық...

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
09 қазан 2018 ж. 1 817 3

Гость JeaOrer от 6 ақпан 2019 02:58
On Line Canadian Pharmacies generic viagra Best Erectile Dysfunction Drugs Viagra 100 Mg Keine Wirkung Dove Comprare Priligy Originale Suhagra Made By Cipla Priligy Foro cialis for sale Buy Cialis Online Safely Achat Cialis Non Generique Rx Pharmacy Ciallis Generic Doryx Without Dr Approval Tablet Shop cialis Non Script Toradol Cialis Vendita Roma Cialis Tadalafil Avis online cialis Prix Xenical Au Maroc Order Canadian Pharmacy No Script 122 Order Meds Without A Script

Гость JeaOrer от 1 наурыз 2019 05:14
Can Collies Take Keflex And Tramadol Propecia Generico Finasteride 1mg cialis price Comprar Cialis Spain

Гость JeaOrer от 17 наурыз 2019 04:09
Where Can I Purchase Prandin In Europe Real Viagra Without A Script buy viagra online Levitra Purchase Cheap Acquisto Levitra Orosolubile