Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҒЫС АЙТАМЫН

АЛҒЫС АЙТАМЫН

2011 жылы балам Рүстем Әлиев шөп жинауға асарға ба­рып, биіктен құлап, бел омырт­қасына зақым келген еді. Содан бері «баламды қайтсем аяққа тұрғызамын» деп бармаған же­рім, баспаған тауым қалмады. Сол жатқаннан балам сегіз жыл жатты. Өткен жылы «Мәді қажы» серіктестігінің директоры Сейіткамал Сұлтанов қаржылай көмектесіп, «Талсуаттағы» оңал­ту орталығына жатуға ықпал етті. Биыл аудандық аурухана жанынан ашылған оңалту орталығында бір жарым ай уақыт емделіп, баламның жаны жоқ аяғына жан бітті. Бір үміт оты жанғандай болды. Бұрын тек жататын еді, қазір арбаға отыратын болды. Сондықтан ау­дандық аурухана бас дәрігері Н.Мырзағалиеваға, оның орын­басары М.Халыбаеваға, оңал­ту орталығының барлық қызмет­кер­леріне алғыс айтамын.

Гүлшат БОРАНОВА,
Шіркейлі ауылы
20 шілде 2019 ж. 1 047 0