Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

№87 газет

15 қараша 2025 ж.

№ 86 газет

11 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Алғыс айтамын

Алғыс айтамын


Мен аудандық газет арқылы ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын. Өзім 35 жыл бойы аудандық ауруханада еңбек еттім. Жасым 78-де. Қарашаның 19-ы күні қан қысымым қатты көтеріліп, жедел-жәрдеммен аудандық аурухананың жан сақтау бөлімшесіне түстім. Сонда мені екі күн бойы емдеп, бетімді бері қаратқан дәрігер Р.Арғынбаевқа айтар алғысым шексіз. Сондай-ақ көп рахметімді терапия бөлімшесінің меңгерушісі А.Жакупова мен дәрігер Ф.Әбдібековаға, медбикелер С.Арғынбаева, Байтүгелова, кіші буын қызметкері С.Тұсмағанбетоваға айтамын.
Ағалық алғысым отбасылары, балалары аман болсын. Дертіме шипа болған аялы алақандарына ризашылығымды білдіремін.

Әбдуәли ЖАНБОСЫНОВ,
кент тұрғыны
05 желтоқсан 2017 ж. 2 818 0