Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЛАНТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ЖАСТАР

ТАЛАНТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ЖАСТАР

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Елбасы Тәуелсіз елдің болашағы жастар екенін үнемі айтып, сенім артып отырады. Бұл сенімділік жастар үшін үлкен мәртебе. Жастар жылы аясында бұрнағы күні «Тереңөзек кенті клубы» КМҚК үйірме мүшелерінің арасында «Талантыңмен таныл» тақырыбында байқау өткізілді.
Шара барысында ән, драма, заманауи бишілер үйірмесінің әрбір мүшесі өзара бақтарын сынап, сайысқа түсті. Мәдениеттің биік талғамын қалыптастырған кез келген өнерпаз бойында ана сүтімен дарыған таланты дараланып тұрады. Жалпы алғанда үш бағытта өткізілген байқауда жаңашылдық лебі есті. Жекелеген үйірме мүшесі өз шеберлігін байқатып, мықтылығын танытты. Айта кету керек, олар әр үйірме бойынша екі кезеңнен сайысты. Кәсіби мамандардан құралған әділқазы алқасы өнерімен танылған барлық қатысушыға әділ бағасын берді. Байқау қортындысында қатысушыларға арнайы номинация мен диплом тапсырылды.

Б.ОРДАБЕКОВ
10 шілде 2019 ж. 627 0