Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сингапурлық қонақ «Батыр аналармен» кездесті

Сингапурлық қонақ «Батыр аналармен» кездесті


Жалағаш ауданында саясаттанушы, жоғарғы мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, Сингапурдың халықаралық жеке секторлар мен ақпараттық коммуникациялық компанияларының директоры, ақпараттық саладағы бірнеше халықаралық кітаптардың авторы Баскаран Наир Еңбек ауылдық округіндегі «Батыр аналар» ансамблінің аналарымен кездесті.
Облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина, аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаxанов және батыр аналар қонақпен бірге болып, қазақ xалқының салт-дәстүрлері туралы мағлұматтар беріп, ұлттық нақыштағы дүниелердің жасалу жолдарын көрсетті.
Өз кезегінде сингапурлық профессор Баскаран Наир дастарханнан дәм татып, аналардың өнеріне, шеберлігіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Айта кету керек, «Батыр аналар» ансамблінде қазіргі таңда 14 батыр ана бар. Аналар тек ән шырқап қана қоймай, ұлттық нақыштағы дүниелерді жастар арасында кеңінен насиxаттап, жасалу жолдарын үйретуде. Қазіргі таңда «Батыр аналар» ансамбліндегі әжелер ауылдың 16 жас батыр анасына аманат табыс етіп, олар алғашқы жеке концерттерін өткізді.

 

26 маусым 2019 ж. 685 0