Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » АНАЛАР КЕҢЕСІ – ҰЛАҒАТ МЕКТЕБІ

АНАЛАР КЕҢЕСІ – ҰЛАҒАТ МЕКТЕБІ


Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері кеше аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында бас қосып, жиналыс өткізді.
Жиналысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері және аудандық аналар кеңесінің төрайымы Г.Әбілова, "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Шанайқызы бастаған ақ жаулықты аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында "Аналар кеңесінің" мәні мен маңызы, отбасы институтын нығайтуда алар орны туралы келелі әңгімелер айтылды.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы "Аналар кеңесінің" мүшелері қоғам мүшелерін өзара түсіністік пен татулыққа және мейірімділікке үндеуде кеңес мүшелерінің атқаратын жұмысы ауқымды екенін айтты.
Жиын барысында алда атқарылатын жұмыстар сараланып, "Аналар кеңесінің" мүшелері өз ойларын ортаға салды.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

28 маусым 2018 ж. 1 947 0