Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ

ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ


Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Ұлбала Алтайбаеваның 95 жылдық мерейтойына арналған «Сөнбес жұлдыз, нұрлы өмір, батыр ана» атты облыстық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өтті.
  Отан байлығын молайту жолында талмай еңбек етіп, абырой биігінен көрінген Ұлбала Алтайбаева – Сыр өңірінің мақтан тұтар аналарының бірі.
Жасынан күріш өсірудің қыр-сырын үйренген ол жақаевшылар қозғалысының бел ортасында жүрді. Жоғарғы еңбек көрсеткішіне қол жеткізді.
  Батыр ананың ғибратты ғұмырына арналған жыр мүшәйрасының қорытындысында бас жүлдені Қазалы ауданынан келген Ақжол Түменбай иеленді. Ал, бірінші орынға шиелілік Айғаным Құрмашева, екінші орынға жалағаштық Серік Жасұлан мен шиелілік Бекжан Ержігіт тұрақтады.
  Үш үшінші орынды Алтынбек Қыстаубаев (Арал ауданы), Сұлтанбек Қожабеков (Шиелі), Хантөре Ақтөреұлы (Жаңақорған) өзара бөлісті.


Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ,
Шиелі ауданы.
12 мамыр 2018 ж. 1 875 0