Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ВЕЛОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ВЕЛОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Сырдария ауданында велошеру ұйымдастырылды.
Орталық алаңнан бастау алып, Асқар Тоқмағамбетов ауылына дейін жалғасқан велошеруге 250-ден астам аудан тұрғындары белсене қатысты.
Велошеруге қатысушылар межеге жеткеннен кейін «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінде жалғасып, «Бір шаңырақ астында» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
Велошеру қорытындысында еңбек ардагері, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Х.Әбенов ақ жол тілеп, ақ батасын берді.
Жалпы, дәстүрге айналған велошеруге аудан тұрғындары қызығушылықпен қатысуда. Алдағы уақытта да аудан әкімдігінің қолдауымен велошерулер ұйымдастырылатын болады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
01 мамыр 2019 ж. 802 0