Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Белсенділік байқалды

Белсенділік байқалды

Мына сайлау бұрынғыдан өзгерек болатынын әу бас­тан сездік. Себебі, Қазақстан халқы Президентікке әрбір үміткер тіркелген сайын оның ұстанатын принципі мен бағдарламасын назарға алып, танысып отырды десем қателеспеймін. Бұл саяси науқанға бей-жай қарамайтын халықтың сайлауға деген көзқарасының алғашқы сатысы болатын. Одан соң әрбір кандидат ел-жерді аралап, халықпен кездесіп, бағдарламасын таныс­тырды. Барлығының да көздегені тұрғындардың қамы, жарқын болашағы, елдің жағдайын жасау сияқты қарекеттер болды. Нағыз саяси доданың қызған шағында кейбір тұрғындар өз таңдауын іштей жасап та қойды. Дегенмен, сайлаудың әділ өтетіндігіне ешкім күмәнданбады. Өйткені, Президенттің өзі оған кепіл болды. Сондықтан өз таңдауын дұрыс жасаған әрбір азамат ел болашағына дауыс берді.
Тәуелсіздігінің мызғымас тұғыры ретінде демок­ратияны ту еткен халқымыз өзінің Президентін сайлады. Ендігі сенім жаңа Президент артылмақ. Еліміздің көсегесі көктеп, керегесі кең болуы­на тілектеспін.

Хайрулла Әбенұлы,
аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
11 маусым 2019 ж. 576 0