Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Семинарға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н.Қордабай, аталған басқарманың бөлім басшылары Ж.Бекжанова, А.Нұрасылова, әдіскері Қ.Әжібеков, облыстық қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Қ.Мырза, облыстық қаржы басқармасының бөлім басшылары Қ.Жаңабаева, Л.Арзықұловалар қатысты.
Семинар барысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н.Қордабай, сала мамандары баян­дама жасады. Жиынның негізгі мақсаты жөнінде айтып өткен мамандар 4-деңгейлі бюджеттің енгізілуінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге, келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап, халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтер мен кенттерде төртінші деңгейлі жергілікті бюджет қалыптасатынын жеткізді. Аудан бойынша 8 елді мекен осы санатқа кіреді.
Жиында сала мамандары өз ойларын ортаға салып, өзгерістердің тиімділігін талқылады. 2020 жылдан бастап барлық ауыл­дар аталған өзгерістерге сай жұмыс жасайтынын атап өткен аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті ауыл әкімдерінің құзіретін арттыратынын айтты. Семинарға қатысқан кент және ауылдық округ әкімдері мамандарға сұрақтар жолдап, толыққанды жауаптар алды.

А.ИБРАГИМҰЛЫ
28 қараша 2017 ж. 1 376 0