ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫ

Бала күнінен адалдықты жаны сүйген Сәкен атасының жанынан бір елі шықпайтын. Әлі келмесе де қолына күрегін алып, бақша жұмысына кірісіп кетеді. Оның төзімділігі мен күштілігін сынай отырып, әркез еңбеқорлыққа Біткенбай әкей баулыды. Ыждағаттылық пен ұқыптылықты бойындағы бұлжытпас қасиетіне айналдырған оның табандылығы мектеп табалдырығын аттамай жатып байқалды. Қашанда бастаған істі соңына дейін жеткізбей қоймайтындығы атасы берген тәлім-тәрбиесінің арқасы. Білімге деген құштарлығы мен алғырлығы болашақта білімді азамат ретінде көрінуіне себепкер болды. Еш уақытта өзіне бағытталған тапсырма мен жұмысты екінші қайтара айтқызбай орындауға тырысады. Оған дәлел, мектеп қабырғасында жүргенде мұғалім берген тапсырманы кемінде төрт-бес сағат тапжылмай отырып орындайтыны ұқыптылығын аңғартады. Ол қиындықтан қорықпайды. Өмір сынағынан сәтті өтуге тырысады. Алға қойған мақсатты орындамай тынбайды. Жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін қандай кедергі болса да күреседі. Алғаш бірінші сыныпқа қадам басқан шағында атасының пәрменімен сонау «Қарашеңгел» деп аталатын жерге барып, бақша өнімдерін егетін. Сонда ол мүлдем шаршадым демейді. Қайта көздеген ісінен жетістікті көруге ұмтылады.
Алғырлығы оқушы кезінен байқалған Сәкеннің адалдығы мен бір сөзділігі талай мұғалімді таң қалдырған. Бірде мектеп ауласында сенбелік жүріп жатады. Әр жерден қаумалаған топ балаға ұстазы: – Мен мәдениет үйіне жиналысқа бара жатырмын. Біреуің кетіп қалмаңдар, мен келгенше осы жерде болыңдар, – деп тапсырма береді. «Уақытында келемін» деп ойлаған ұстазы үш-төрт сағатқа ұзап кетеді. Ақырында, сыныптастарының барлығы қайтып кетеді. Ал, досы Алпамыс екеуі мектеп ауласында апайының сөзін жерге тастамай келгенінше күтеді. Сол кезде бұлардың нағыз адалдығын ұстазы аңғарады. Сәкеннің әскери қызметке баруға құлшынысы жетінші-сегізінші сынапта оянады. Атасымен ақылдасып, сол уақытта тоқырау заманнан шығу үшін балаға дұрыс бағытты ата-анасы ұсынады. Сол күннен бастап өзін әскери адам ретінде тәрбиелейді. Орыс мектебінде оқығанына қарамастан атасы оның бойына қазақылықты сіңіреді. Досқа адал болуды үйретеді. Сыныпта жүргенде бар баланы бір жерге ұйымшылыдықпен ұйыстырып кез келген қиындықты шешуге ұмтылады. Қалаған мамандықты игеру де ауыртпалыққа тап болғанда еш мойымайды. Қайта алға қарай ұмтылады. Оқуға түсуге керекті межеден өтіп, арманына біртабан жақындай түседі. Барлық емтихан мен физикалық тапсырманы мүлтіксіз орындаған ол көптің ішінен үздік атанды. Бірде-бір сынақтан сүрінбеген Сәкен оқуға түсу үшін келген батыл қадамын генералға тікелей ашық жетізеді. Сөйтіп, өзі секілді қатарластарымен бірге үздік түлек Ресей Федарациясына қарасты Қорғаныс министрлігінің академиясына оқуға жібереді. Мұнда Сәкен Маратұлы әскери режимдегі білімнің қайнар көзін игереді. Курсант бола жүріп, жауаптылықты сезінген ол басшылықтың қатаң талап үдесінен шыға білді. Жорғы оқу орнын бітіргеннен кейін Сәкен Мадраимов Атырау қаласындағы әскери полктің командирі қызметін атқарады. Бұдан кейін Алматы облысы Шеңгелді кентіне қарасты №86621 бөлімге ауыстырылады. Осы әскери бөлімде бүгінде штаб бастығының орынбасары болып жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз жерлесімізге артылған сенімнің жоғары болуында деп білеміз. Өйткені, Сәкен Маратұлы бірнеше рет жоғары марапат төрінен көрінді. Осы ретте, әлі талай биік белесті бағындыруға ниетті жерлесімізді бүгінгі Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Б.ОРДАБЕКОВ