Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған заңға қол қойды

Елбасы әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған заңға қол қойды


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік-құқықтық мәртебесін көтеруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдаған болатын. Кездесуде Елбасы әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өткен еді. Қорғаныс министрі өз кезегінде Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізген болатын.
http://www.inform.kz/kz
12 желтоқсан 2017 ж. 1 221 0