Ата-анасы баласының неден көз жұмғанын айтты. Сәби бетінен сүйген соң шетінеп кеткен.
Ұлыбританиялық ерлі зайыпты Киара есімді қыз баланың бетінен сүйгенді көтере алмай қалғанын айтты. Бала герпес вирусын жұқтырып, одан жазыла алмай қалған.
Анасы Келли Айнесонның жүктілігі қиын өтеді. Оған құрсағындағы балада Даун синдромы болуы мүмкін екенін айтқан.
“Маған жүктілікті тоқтатуға кеңес берді. Бірақ оның Даун синдромымен туса да, солай өмір сүруі керек деп ойладым”, – дейді анасы.
Анасы кесір тілігі арқылы баласын өмірге әкелді. Баланы арнайы құралға жатқызып, әлденуіне мүмкіндік берді.
Екі күннен соң анасы мен қызы үйіне шығарылды. Бірнеше күннен соң қайта ауруханаға түсті. Себебі қыз бала арықтап, салмағын жоғалта бастаған. Баланың қаны бұзылып, герпес анықталған. Дәрігерлер оның бетінен сүйгеннен жұққан болуы мүмкін деп есептейді.
Дәрігерлердің айтуынша, бала аман қалғанымен бас ми жұмысы бұзылатын еді. Алайда сәби аман қалған жоқ.
“Баланы бетінен сүйіп те ауыртуға болады деп ойламаппын. Басқа ата-аналар мұндайды көрмесе екен деймін”, – дейді анасы.
Анасы герпестің зияны туралы өзгелер білу үшін бәріне құлағдар етпек ойда. Мариан Николсон бөтен балалардың бетінен сүймеуге кеңес берді. Егер анасы герпеспен ауырса ол баласына берілмейді. Егер анасы соңғы уақытта ғана ауырса, баласы вирусқа қарсы тұра алмауы мүмкін.