Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады - БАҚ

Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады - БАҚ

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады, - деп хабарлайды РИА Новости "Коммерсант" газетіне сілтеме жасап.

Басылым хабарлауынша, бұл шешім 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесінде одаққа мүше президенттердің қатысуымен өтетін жиында қабылданады деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшылары одақтың бес жылдығы мен оның нәтижелерін талқылайды, сондай-ақ осы уақытта дейін жеткен нәтижелер қарастырылады. 

"Басылымның хабарлауынша, жиында басты назар Нұрсұлтан Назарбаевта болады. Одаққа қатысты адамдардың сөзінше, ол бұл күні Еуразиялық экономикалық одақтың төрағасы болып тағайындалады", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта мұндай лауазым жоқ. Сондықтан да Назарбаевтың құзыреті әлі белгіленбеген.

"Әзірше оның одақты басқа елдерге таныстыратыны белгілі. Ал оның құзіреті одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері алдымен 29 сәуірде талқылайды, кейін 30 сәуірде мемлекет басшылары талқылайды. Ақырғы шешім 29 мамырда мерейтой жиынында қабылданады", - делінген газетте.  Айта кетейік 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан еді. Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған. Ол оған дейін Парламенті Сенатының Төрағасы қызметін атқарған. ҚР президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 9 маусымда өтеді.

kaz.tengrinews.kz

18 сәуір 2019 ж. 794 0