ЕЛІМІЗДЕ 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЭЛЕКТРОНДЫ АВТОҚҰЖАТ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қазақстанда 1 шілдеден бастап ел аумағына электронды автоқұжат енгізіледі, деп хабарлайды Қазақстан автобизнес ассоциациясы. Бұл туралы Қазақстандағы АвтоБизнес ассоциациясының (ҚАБА) Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.
"Электронды автоқұжатқа автомобиль «өмірінің» барлық тарихы енгізіледі. Оның ішіне техникалық сапасынан бастап, жол-көлік оқиғаларына қатысты жағдайы, техникалық қызметтен өтуі басқа да шектеулерге қатысы бар екені жазылады", – деп жазды ҚАБА.
Электронды паспортқа көліктің немесе мотоциклдің өндіріліп, ЕАЭО-ға кірген уақытынан бергі тарихы жазылады. Бұл құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін жояды деп күтіледі. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам оның тарихымен арнайы порталдан таныса алады.
«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының автоқұжатқа өтуі Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі құжаттарды жеделдетіп, бизнестегі операциялық жұмыстарды жеңілдетеді. Электрондық паспортқа бірте-бірте өтеміз. Паспорт ЕАЭО елдеріне бірдей болады",– делінген хабарламада.
Пікір 2