БАЯНДЫ ЖАСТЫҚ ШАҚТЫ САҚТАП ҚАЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Арада біраз жыл өтеді. Кəрімнің денсаулығы нашарлайды. Достары да азая бастайды. Əйелі де баяғыдай бәйек болып, асты-үстіне түспейді. Балалары да жан-жақа тарап кетеді. Көңіліне кірбің ұялаған Кəрім баяғы жолаушыны есіне түсіреді.
Сапарға шығып, сол кісіні тауып алып, кілтті сатуын өтінеді. Сонда данышпан қарт: " Еее, балам-ай,
ол кілт баяғыда-ақ жарамсыз болып қалған. Менің сөзіме құлақ аспай, ол мүмкіндікті жіберіп алдың. Тəнің мен жаныңның ұзақ уақыт бойы жас болуын қаласаң, күн сайын əйеліңді еркелетіп, оның жүзіне күліп қарауың керек еді. Жастықтың албырттығына салынбай, әр күні суда жүзіп, жүгіріп, деніңнің саулығын баққаныңда осы күнде кілттің иесі сен болған болар едің" деп жауап берген екен.